Павлодар облысында ер адам іздестірілуде

Павлодар облысында ер адам іздестірілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол жарты жыл бұрын жоғалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» еріктілерінің мәліметінше, 1969 жылы туған Александр Анатольевич Бирюковтың туыстарымен байланысы үзілген. Ол соңғы рет 2025 жылдың қазан айында Ертіс ауылында болған.

Содан бері ер адамның қайда екені белгісіз, жақындарымен байланысқа шықпаған.

Жоғалған адамның белгілері:

  • бойы: 180 см;
  • дене бітімі: арықша келген;
  • көзі: қоңыр;
  • ерекше белгісі: иығында каска бейнеленген татуировкасы бар.

Жоғалған кезде үстінде қандай киім болғаны белгісіз.

Егер сізде Александр Бирюков туралы қандай да бір ақпарат болса, +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана) немесе 102 операторына хабарласуыңызды сұраймыз.