Павлодар облысында иесіз жайылған малға қатысты жол апаттары көбейді

Павлодар облысында иесіз жайылған малға қатысты жол апаттары көбейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық ауыр жағдайлар түнгі уақытта – 21:00 бен 23:30 аралығында орын алуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2024–2025 жылдары иесіз малдың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларына талдау жүргізді.

Кодекстің 408-бабына сәйкес, жергілікті өкілді органдар белгілеген жайылым ережелерін бұзғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Егер бұл әрекеттер мүлікке зиян келтірсе, айыппұл 10 АЕК-ке дейін өседі.

2025 жылдың басынан бері Павлодар облысында осы бап бойынша 2 021 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 1 932 адам жайылым ережесін бұзғаны үшін, ал 89 тұлға мүліктік залал келтіргені үшін жауапқа тартылған. 2024–2025 жылдары 578 адамның бірқатар рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталған.

Мысалы, былтыр 28 шілде мен 27 тамызда түнгі уақытта «Екібастұз – Майқайың» автожолында 5 жылқының қараусыз жайылып жүруі тіркелген. Мал иесі 408-баптың 1-бөлігі бойынша екі рет айыппұл төлегенімен, ал 17 қарашада қайтадан ереже бұзып, жол апатына себеп болған. Бұл жолы оған 10 АЕК айыппұл салынды.

2025 жылдың өткен кезеңінде малға соғылу салдарынан 23 адам жарақат алған, ал 2 адам қаза тапқан. Биыл 2 қазанда «Павлодар – Қызылорда» автожолында Тойота Альфард көлігі қараусыз жайылған жылқыға соғылып, екі жолаушы ажал құшты.

Барлық аталған ауыр жағдайлар түнгі уақытта – 21:00 бен 23:30 аралығында орын алған.

Осыған байланысты, мал иелері жайылым ережелерін қатаң сақтап, жауапкершілік танытуы тиіс. Ал жүргізушілерге түнгі уақытта барынша сақ болып, жол апаттарының алдын алу шараларын күшейту ұсынылады.