Павлодар облысында ыстық су үшін абоненттік төлем заңсыз есептелген
20 мыңнан астам тұрғынның төлемі қайта қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС монополистері жаз мезгілінде ыстық су үшін абоненттік төлемақыны заңсыз есептеген.
- Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша Павлодар және Екібастұз қалаларының 20 мыңнан астам тұрғынына қызметтер құнын төмендету бойынша қайта есептеулер жүргізілді. Яғни артық шығын наурыз айындағы түбіртектерінде көрсетілетін болады, - делінген хабарламада.
Бұзушылыққа жол берген табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.