Ақсу ауылдық аймағында мешіт ашылды

Ақсу ауылдық аймағында мешіт ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мешіттің құрылысы 2021 жылы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қанаш Қамзин ауылдық округінің Айнакөл ауылындағы мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне  Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қатысты.

 – Құрылыстың бастамашысы Айнакөл ауылының тұрғыны Қазқанов Ерсін Еркінұлы болды. Мешіт Айнакөл ауылының, Ақсу, Павлодар және Астана қалаларының кәсіпкерлері мен азаматтарының демеушілік қаражаты мен қайырымдылық көмегімен салынған, – деп жазды Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов Іnstagram парақшасында.

Мешіт құрылысына қатысқан белсенді азаматтарға Алғыс хаттар табысталды.