Павлодар облысында күннің ыстығынан ішек инфекциясы аурулары өршіді

Павлодар облысында күннің ыстығынан ішек инфекциясы аурулары өршіді
Фото: Константин Шелков

Мамандар аурулардың 12 пайызға артқанын атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы  инфекциялық орталығының бас дәрігері Шұға Қосымбаева мәлім етті.

– Жыл басынан бері инфекциялық орталықта 319 адам емделді. Олар – ішек инфекциясы, сальмонеллез, бактериялық ішек инфекциясы, стафилококкты тағамдық улану. Бұл  – өткен жылдың деңгеймен салыстырғанда 12,5 пайызға артық, – дейді Шұға Қосымбаева.

Бас дәрігердің айтуынша, ауа райының ыстық болуына байланысты бактериялық ішек инфекциясы ауруларының белгілері бар тұрғындардың саны артқан. 

Дәрігер облыс тұрғындарына жеке гигиена ережелерін сақтауға кеңес береді.