Павлодар облысында көктемгі аңшылық басталады

Павлодар облысында көктемгі аңшылық басталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аңшы аң аулау үшін өзімен бірге бірқатар құжаттарды алып жүруі тиіс, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Құжаттар тізімі: аңшының куәлігі, аңшылық шаруашылығынан жолдамалар немесе рұқсаттар, атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаттар, аңшы құстарды пайдалану кезінде аңшы құстың паспорты. 

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өңірдің бекітілген аңшылық шаруашылықтарында үйректер мен еркек құрлардың аталықтарына көктемгі аң аулау мерзімдері туралы хабарлайды. 

2025 жылғы 19 сәуір - 3 мамыр аралығында келесі шаруашылықтарда аңшылыққа рұқсат етіледі: 

Ақтоғай ауданының аумағында орналасқан «Разумовское», «Ивановское» аңшылық шаруашылықтары;

Железин ауданының аумағында орналасқан «Зеленая роща», «Захаровское», «Озерное», «Березовское»; 

Ақсу қаласында орналасқан «Ақсу»,  «Қызылжар»; 

Екібастұз қаласында орналасқан «Жасыл тоғай», «Екібастұз», «Бозшкөл»;

Май ауданының аумағында орналасқан «Май», «Бестау»;

Баянауыл ауданы аумағында орналасқан «Баянауыл», «Южное», «Ұзынбұлақ», «Жаңа жол»;

Павлодар ауданының аумағында орналасқан «Черноречное», «Заңғар», «Маралды», «Ольгинка»;

Успен ауданының аумағында орналасқан «Лозовское», «Павловское».

2025 жылғы 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында - Тереңкөл ауданының аумағында орналасқан «Трофимовское», «Львовское», «Качирское», Ертіс ауданы аумағында орналасқан «Ертіс», «Панфиловское», «Селеті», «Жарбұлақ», «Қызылқақ» аңшылық шаруашылықтарының аумағында аңшылық ұйымдастыруға болады.

Айта кетейік, үйректер мен құрларды заңсыз аулағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Заңсыз атылған бір құс үшін залалдың мөлшері  – 7,5-тен 15 АЕК-ке дейін.