Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Оған қолайсыз ауа райы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мәлімдеді.
18 ақпан күні сағат 07:40-та ауа райының бұзылуына байланысты «Атамекен–Ертіс-РФ шекарасы (Амангелді ө/п)» автожолының 0-263 шақырым аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Мамандар жүргізушілерден алыс жолға шықпауға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және енгізілген шектеулерді ескеруге шақырады.
Жолды 18 ақпан күні сағат 20:00-де ашу жоспарланған.