Павлодар облысында кабельдік телевизия қызметі қымбаттады
Бағаның өсуі еліміздің бес өңірінде байқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, бұл – Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Ұлытау және Маңғыстау облыстары.
Спутниктік телевизия қызметі 6% қымбаттаса, кабельдік қызмет 3% арзандаған. Биыл қыркүйекте кабельдік телевизия қызметі бір жылда 3,3% арзандады. Бұл ретте еліміздің 20 өңірінің 12-сінде баға өзгерген жоқ. Бағаның төмендеуі Алматыда (10%) және Шығыс Қазақстан облысында (3,7%) ғана байқалды.
Ал спутниктік телевидение қызметі бір жылда 6,1% өскен. Бағаның ең көп өсімі Атырау (36,1%), Абай (19,6%) және Шығыс Қазақстан (17,4%) облыстарында байқалды.
Қазақстандағы телевизия қолжетімділігі бойынша жағдай келесідей: тұрғындардың басым бөлігі кабельдік телевизия қызметін пайдалануды жөн көреді. Кабельдік телевизия пайдаланатын шаруашылықтарының үлесі 2022 жылдың соңында 43,3% болды. Бұл ретте үй олардың 32,2%-ы спутниктік телевизия қызметін пайдаланды. Қазақстандық отбасылардың 24,5%-ы эфирлік телевизия қызметін пайдаланады.
Өңірлер бойынша спутниктік телевизияның ең үлкен үлесі – Алматы (65,3%), Жамбыл (54,9%) және Солтүстік Қазақстан (54,9%) облыстарында.
Кабельдік телевизия ең көп тараған өңірлер – Алматы (84,5%), Астана (76,3%) қалалары және Павлодар облысы (65,6%).