Павлодарда аулалар арнайы техниканың өтуі үшін босатылды
Құтқарушылар мен полицейлер рейд жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Еркін жол жүру» акциясы аясында қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері полициямен бірлесіп, өрт сөндіру техникасы мен басқа да шұғыл қызмет көліктерінің өтуіне кедергі келтіретін бетон блоктарды, ірі тастар мен өзге де бөгеттерді алып тастады.
Қалалық ТЖБ мәліметінше, бұл шаралар өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет етуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Рейдке қатысушылар қала тұрғындарынан бұл шараларға түсіністікпен қарауды және арнайы техниканың өтуіне кедергі жасамауды сұрайды.