Павлодар облысында күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады

Павлодар облысында күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады
Фото: Константин Шелков

Өңірде қатты жел болады, деп хабарлайды   @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, ел аумағында найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта бұршақ, дауыл болады деп болжануда. Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі байқалады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігі мен батысында найзағай, шаңды дауыл болады деп болжануда. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс, түнде солтүстікте, күндіз аймақтың көп бөлігінде 15-20 м/с дейін, күндіз екпіні 23 м/с дейін барады.

Павлодарда 21 маусымда екпіні 15-20 м/с дейін қатты оңтүстік-батыс желі соғады, кейде екпіні 23 м/с дейін барады. Күндіз ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сондай-ақ өрт қаупі болуы мүмкін.

Түнде температура +7...+12°C, күндіз + 21...+26°C көрсетеді. Желдің жылдамдығы 9-14 м / с құрайды.

Фото: Константин Шелков