Павлодар облысында күзгі-қысқы аң аулау маусымы ашылады
2023 жылғы 26 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін үйректер мен қаздарды, қасқалдақтарды аулауға рұқсат беріледі, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген, ел аумағында аң аулау қағидаларында белгіленген мерзімдерде аймақтың бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында жануарлар мен құстардың келесі түрлеріне күзгі-қысқы аң аулау маусымы ашылады:
2023 жылғы 26 тамыздан 30 қарашаға дейін – үйректерге, қаздарға, қасқалдақтарға;
2023 жылғы 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін – құрларға;
2023 жылғы 2 қыркүйектен 30 қарашаға дейін – шiлдерге;
2023 жылғы 1 қыркүйектен 15 қарашаға дейін – борсықтарға;
2023 жылғы 2 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін – қабандарға;
2023 жылғы 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін – Сібір елігіне;
2023 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың 15 ақпанына дейін – қояндарға, түлкілерге, қарсақтарға.