Павлодар облысында көбінесе ер адамдар инфаркт алады
Жүрек бұлшықетінің тоқтауына физикалық жүктеме немесе күйзеліс себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жүрек ауруын қолайсыздық, кеуде тұсының қызуы, қолдың, иектің төменгі жағы, иықтың астыңғы бөлігі, арқаның аурулары арқылы білуге болады. Бірақ кейбір жағдайларда адамдар кеудедегі қолайсыздықты сезінбейді, сондықтан уақытты жоғалтып, дәрігерге бармайды.
– Облыс тұрғындары арасында жүріп жүріп, инфаркт алғанын білмей қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Соңғы бес жылда жүрек талмасының мұндай түрлерінің саны екі есеге өсті, – дейді облыстық кардио орталығының дәрігері Виталий Березуцкий.
Кардиохирургтың айтуынша, денеге күтім қажет. Ол үшін аурудың алдын алуға тырысу керек. Егер жоғарыда аталған белгілер пайда болса, ЭКГ, жүректің ультрадыбыстық зерттеуін өткізіп, дәрігермен кеңесу керек. Ал ауырсыну мен мазасыздық кетпесе, жедел жәрдем шақырған дұрыс.
Ауырсыну басталғаннан бері көп уақыт өтсе, жүрек бұлшықетінің көп бөлігі өліп, жүректің тоқтап қалу қаупі жоғары болуы мүмкін.
Статистикаға сәйкес, ер адамдарда инфаркт жиі кездеседі. Оған тексерулерге жиі бармау және жаман әдеттер себеп болады.
Жүріп жүріп, инфаркт алғанын білмей қалған ең жас пациенттердің бірі - 37 жастағы қала тұрғыны.
Виталий Березуцкийдің айтуынша, қан айналымы жүйесінің аурулары жастар арасында да жиі кездеседі. Бұл олардың физикалық қозғалыстың жетіспеушілігінен, яғни аз қозғалу салдарынан пайда болады.
Еске салайық, биыл кардиологиялық орталықтың құрылғанына 10 жыл толды. Осы жылдар ішінде 20 мыңнан астам ота жасалып, 46 мыңға жуық науқас емделді. Бір тәулікте 40-қа жуық адам тексерілуге келеді, шамамен 60 пайызы шұғыл түрде жатқызылады.