Павлодар облысында мереке күндері ауа райы қандай болады?
Желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 4 шілдеде облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстікте күн күркіреп, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +15...+ 20, күндіз + 30...+ 35°C көрсетеді. Найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін баруы мүмкін.
5 шілдеде түнде оңтүстікте, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында өткіші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде термомет +14...+ 19, күндіз + 25...+ 30°C көрсетеді. Солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, облыстың солтүстігі мен батысында екпіні күшейе түсуі мүмкін деп болжануда.
6 шілдеде түнде солтүстік, шығыс аумақтарда, ал күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады, күн күркірейді. Түнде температура +15...+ 20, күндіз + 22...+27, облыстың батысында желдің екпінімен +30°C дейін көтеріледі.
7 шілдеде түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз температура +16...+ 21, күндіз + 25...+ 30°C көрсетеді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.
8 шілдеде облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +15...+ 20, түнде + 25...+30°C градусқа дейін көтеріледі.
9 шілдеде көбінесе аздаған жаңбыр жауады деп болжануда. Температура түнде +16... +21, күндіз +23...+ 28°C құрайды.