Павлодарда су қысымы төмендеді
Кейбір үйлер мен нысандар сусыз қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
109 қызметінің мәліметінше, 1 маусымда сағат 11:55-те оңтүстік су қабылдағыштың 110 киловольт бірінші кіреберісінде апаттық үзіліс болды. Осыған байланысты барлық шаруашылық ауыз су сорғылары ажыратылды. Өшіру схемасы 12:41-де қалпына келтірілді.
– Қазіргі уақытта апаттық жағдайды болдырмау үшін су қысымы төмендеді, – деп жазылған хабарламада.
Үш-төрт сағат ішінде су қысымы мен су беру толық қалыпқа келтіріледі.