Павлодар облысында орманды заңсыз кесу жағдайлары азайды
Көбінесе қарағай, көктерек, қайың ағаштарын кеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Тулепбаев мәлім етті.
– Биыл орманды заңсыз кесудің 31 фактісі анықталды. Орманның зардап шеккен көлемі – 403 мың шаршы метрді, шығын мөлшері 8 миллионнан астам теңгені құрайды, – деді Руслан Тулепбаев.
Оның сөзінше, былтыр осы кезеңде ағашты заңсыз кесу 25 фактісі болған. Яғни, құқық бұзушылық жағдайлары азайған.
– Шалдай резерваты бойынша қарағай, әкімдіктің қарамағындағы орман мекемелерінде көктерек және қайыңды кесіп отырады. Үрлітүп, Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесінде жапырақты ағаштар: терек және қайыңды заңсыз кеседі, – деді Руслан Тулепбаев.
Биыл орманды заңсыз кесу бойынша сотта екі әкімшілік іс қаралып, мөлшері 1242 мың теңге айыппұл салынған, 415 мың теңге келтірілген зиянды өтеуге талап-арыз берілді.
Оған қоса ағаш сүректерді кесудің белгіленген уақыты бар. Бұл 1 қаңтар - 31 желтоқсанға дейінгі кезең болып табылады.
– Кесуге жататын ағаштар аймағын бөліп беру жұмыстары жыл сайын жүргізілуде. Ағаш сүректерін жіберудің көлемі анықталып, бекітіледі. Белгілі санитарлық кесуге жатқызылатын, ауруға шалдыққан, кепкен, қураған екпелер шабуға шығарылады, – деді спикер.
Егер белгіленген учаскеде заңсыз ағаш кесу жағдайы орын алған болса, заңды бұзған тұлғаға ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық Кодексінің 381-1-бабына сәйкес 100-ден 1000-дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.