Павлодар облысы басқа мемлекеттен келген адамдар саны бойынша топ-4-ке кірді

Павлодар облысы басқа мемлекеттен келген адамдар саны бойынша топ-4-ке кірді
фото: Константин Шелков

2024 жылы Қазақстанға 29,3 мың адам келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15,3 пайызға көп.

Қазақстан Республикасынан 12,7 мың адам шықты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға аз. Келгендер саны кеткендер санынан 2,3 есе асып түсті.

Егер мегаполистерді есепке алмасақ, өңірлер арасында ең көп адамдар Алматы, Маңғыстау, Қостанай және Павлодар (1423) облыстарына келді.

Келгендердің ең аз саны Қызылорда облысында тіркелген. Бұл аймақты тек 53 адам таңдады.

Мұндай статистика Ranking.kz сайтында жарияланды.

Ал Павлодар облысынан 1053 адам кеткен. Бұл сәйкесінше 155 және 2133 адам кеткен көршілес Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына қарағанда аз.