Павлодар облысында осы аптада жылы ауа райы сақталады
Орташа температура +5...+10°С болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 13 қараша күні аздаған жаңбыр жауады. Сынап бағанасы 0...+5°С-ты көрсетеді.
14 қарашада түнде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 1...+4°С, ал күндіз +3...+8°С-ты құрайды. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады.
15 қараша күні жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Сынап бағанасы түнде -2...+3°С, ал күндіз +4...+9°С-қа дейін көтеріледі. 16 қарашада да дәл осындай ауа райы болады.
17 қарашада күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Түнде сынап бағанасы 0...+5°С, ал күндіз +4...+9°С-қа дейін жылынады.
Сенбі және жексенбі күндері қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы +5...+10°С-ты құрайды. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады.