Павлодар облысында осы аптада жылы ауа райы сақталады

Павлодар облысында осы аптада жылы ауа райы сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 27 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы болады. Күндіз +1...+6°С-қа дейін жылынады. 

28 қараша күні тұманды болады деп күтілуде. Сынап бағанасы түнде -1...-6°С-ты көрсетсе, күндіз -2...+3°С-ты көрсететін болады. 

29 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Түнде -3...-8°С суық болса, күндіз -2...+3°С, ал облыстың оңтүстігінде +6°С болады. 

30 қараша күні қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -0...-5°С, облыстың оңтүстігінде +3°С болса, күндіз +3...+8°С-қа дейін жылынады. 

Желтоқсанның алғашқы күнінде қар мен жаңбыр жауып, тұманды болады. Сынап бағанасы түнде -1...-6°С-ға дейін төмендеп, күндіз -1...+4°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытымен  секундына 9-14 метрге дейін, ал облыстың солтүстігі мен батысында 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. 

2 желтоқсан күні облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -1...-6°С, ал күндіз -3...+2°С-ты көрсетеді. 

Жексенбіде қар мен жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде -0...-5°С, облыстың солтүстігінде -8°С болса, күндіз -2...+3°С-ты көрсететін болады. Желдің жылдамдығы солтүстік-батыс бағытымен секундына 9-14, облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 метрге дейін жететін болады.