Павлодар облысында пана іздеп жүрген адамдарды орналастыру бойынша оқу-жаттығу өтті
ТЖД мен әскери бөлім қызметкерлері 1000 адамдық шатырлы лагерьді орналастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Бекет-2024» дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығу шеңберінде ТЖД қызметкерлері, ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мемлекеттік шекара арқылы азаматтардың шартты түрде келуі жағдайында іс-қимылдарды, сондай-ақ пана іздеп жүрген адамдарды қабылдау және орналастыру алгоритмін пысықтады.
– ТЖД қызметкерлері әскери бөліммен бірлесіп, сыйымдылығы 1000 адамды құрайтын шатырлы лагерьді орналастырды. Лагерьде халыққа түрлі көмек көрсету үшін аймақтар жабдықталған, – дейді баспасөз орталығында.
Барлығы ТЖД 15 қызметкері мен 3 техника, сондай-ақ ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің 40 әскери қызметшісі жұмылдырылды.
Сонымен қатар Павлодар колледждерінің бірінің аумағында құрама эвакуациялық пункт ұйымдастырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram