Павлодар облысында рұқсатсыз алкоголь өнімін сататындар азаймай тұр
Жыл басынан бері осындай бұзушылықтың 30-дан астамының жолы кесілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аймақта алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 4 мыңнан астам фактісі анықталды. Құқық бұзушылықтардың, оның ішінде алкогольдік масаң күйдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер тұрақты негізде рейдтік шаралар жүргізіп келеді.
- Жыл басынан бері Павлодар облысында құқықтық тәртіп сақшылары белгіленген уақытта алкогольді сатудың 133 фактісін және тиісті лицензиясыз алкоголь өнімін сатудың 31 фактісін анықтап, жолы кесті. Барлық бұзушылар жауапқа тартылды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қоғамдық жерде алкогольді сусын ішудің немесе мас күйде болудың 4062 фактісі жойылды. Алдағы уақытта да ішімдікті рұқсатсыз әрі белгіленген уақыттан тыс кезде сататындар мен қоғамдық орындарда мас күйде табылатындармен күрес жалғасын таба бермек.