Павлодардағы Горторг шағын ауданындағы кәріз желісінің құрылысы қашан аяқталады
Жоспар бойынша 5,9 шақырым коллектордың 5,5 шақырымы төселген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімі Хасар Хабылбековтің мәлімдеуінше, шағын аудан тұрғындарын кәріз желісі құрылысының аяқталу мерзімі қызықтыруда.
- Тұрғындарының өтініштері бойынша Горторг шағын ауданына бардым. Кәріз желілерін тарту жұмыстары келесі аптада аяқталады. Жоспарланған 5,9 шақырым коллектордың бүгінде Ворушин, Новосибирская, Томская, Тульская және Аманжол Шәмкенов көшелерін қамтитын 5,5 шақырымы төселді, - деді қала әкімі.
Айтуынша, одан кейін 10-15 күн ішінде кәріздік сорғы станциясы орнатылады. Абоненттер дайын магистральдық желіге көктемде қосылады.
Шағын аудан тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қиыршық тас төсеу жұмыстары қатар жүргізілуде. Бұл жол жұмыстары кәріз жүйесі тартылған барлық көшелерде жүргізілетінін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram