Павлодар облысында Ресейге бағытталған жол трассасы жабылды
Көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасының мәліметінше, сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолының 0-263 шақырымы аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды сағат 14:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.