Павлодар облысында Республика күні ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Павлодар облысында Республика күні ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дүйсенбіде орталықтар әдеттегідей қызмет көрсете бастайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Республика күні мерекесіне орай 25 қазан күні еліміздегі барлық ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді. Ал 27 қазан, дүйсенбі күні кезекші ХҚКО-лар жұмыс істейтін болады. Осы күнде облыс тұрғындары мемлекеттік қызметті алу үшін Павлов көшесі, 48 мекенжайындағы қалалық №1 бөлімге және Космонавтов көшесі, 2 мекенжайында орналасқан МХҚО-ға бару мүмкіндігі болады.

Азаматтарды қабылдау: ХҚКО-ларда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін, МХҚКО-ларда сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі. Құжаттарды беру қызметі мамандандырылған орталықтарда сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

28 қазан, сейсенбіден бастап барлық орталықтар қалыпты жұмыс тәртібіне оралады.

Еске сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Кезекші орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.