Павлодар облысы «Таза аймақ» экологиялық акциясына қосылады

Усолка шағын ауданында эко-сенбілік өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өңірде «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» қарсаңында жалпықалалық аумақтар мен жағалау аймақтарын тазарту бойынша «Таза аймақ» республикалық акциясын өткізу жоспарлануда.
Акцияның мақсаты – елді мекендердің, су айдындарының, жайылмалардың, демалыс орындарының тұрмыстық қоқыспен ластану проблемасына мүмкіндігінше көп адамдардың назарын аудару болып табылады.
– Еріктілерді, экологиялық белсенділерді және барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарды эко-сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз, – деді облыстық экология департаментінде.
Акция 31 маусымда сағат 10:00-де Усолка өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің артындағы жайылма учаскесінде ұйымдастырылады.