Павлодар облысында шілденің соңғы аптасында жаңбыр жауып, күн күркірейді

Синоптиктер ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 28 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +14...+19°С, ал күндіз +27...+32°С көрсетеді.
29 шілдеде түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, күндіз +27...+32°С.
30 шілде күні де жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болжанады. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +25...+30°С.
Бейсенбі күні сынап бағанасы түнде 17...+22°С, ал күндіз +23...+28°С көрсетеді. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Жұмада жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болжанады. Ауа температурасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +24...+29°С болады.
Сенбі күні жаңбыр, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +14...+19°С, ал күндіз +24...+29°С көрсетеді.
Жексенбіде сынап бағанасы түнде +14...+19°С, ал күндіз +23...+28°С көрсетеді. Жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.