Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты әлеуметтік жарнама байқауы жарияланды

Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты әлеуметтік жарнама байқауы жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Халықаралық жастар байқауы жыл сайын өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» әлеуметтік жарнама байқауы өскелең ұрпақ назарын сыбайлас жемқорлық проблемаларына аудару, балалар мен жастардың шығармашылық бастамаларын көтермелеу және қолдау мақсатында ұйымдастырылады.

Өткен жылы Қазақстаннан екі қатысушы жеңімпаз атанып, олардың жұмыстары БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 20-жылдығына орай, Атланта қаласында (АҚШ) өткізілген конференцияда таныстырылды.

СҚО тұрғынының бейнеролигі «Үздік бейнеролик» атанып, ал Шымкент қаласы тұрғынының плакаты 3-орынды иеленді.

Конкурсқа қатысу үшін конкурстың ресми сайтында тіркелу қажет www.anticorruption.life, тіркеу нысанын дұрыс толтырып, конкурс ережелерімен және дербес деректерді өңдеумен келісетіндігіңізді растау қажет.

Жұмыстарды қабылдау 1 қазанға дейін ресми сайт арқылы жүзеге асырылады.

www.anticorruption.life ресми сайтта өткізу ережелері туралы толығырақ ақпаратпен танысуға болды.