Павлодарда Президент телерадиокешенінің кинолекториясы өтеді

Павлодарда Президент телерадиокешенінің кинолекториясы өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрермендер деректі фильмдерді тамашалап, авторлармен кездесе алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастыратын «Шежіреден – болашаққа» республикалық кинолекториясы 22-23 шілде күндеріне жоспарланған.

Іс-шара Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Көрсетілімдер екі күн қатарынан сағат 11:00-де «Ертіс» кинотеатрында өтеді.

Кинолекторий аясында Президент Телерадиокешенінің Деректі кино орталығы түсірген төрт фильм көрсетіледі. Олар – «Құлалы аралының адамы», «Қуатты серіктес», «Travel Kazakhstan» және «Серт».

Көрсетілімнен кейін Деректі кино орталығының аға редакторы әрі сценарий авторы Эльмира Ишмұхаметова мен режиссер Бақтияр Қанафин қатысатын шығармашылық кездесу ұйымдастырылады. Көрермендер фильмдердің түсірілу тарихымен танысып, авторларға өз сұрақтарын қоя алады.