Екібастұзда ірі сауда үйінің төбесі құлады

Екібастұзда ірі сауда үйінің төбесі құлады
Скриншот: куәгерлер ұсынған видеодан

Шұғыл қызметтер себебін анықтауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

М. Әуезов көшесіндегі  «Maxi mall» сауда үйінде ауданы 150 шаршы метр төбенің бір бөлігі құлады. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу жетті. 

6-ӨСБ бастығының орынбасары Асхат Амангелдиевтің айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта жедел медициналық көмек бригадасы оқиға орнында кезекшілік етуде.