Павлодар облысында түнде қараусыз жүрген жасөспірімдер анықталды

Павлодар облысында түнде қараусыз жүрген жасөспірімдер анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне қатысты 2670 дерек тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында күн сайын рейд жүргізіп жатыр. Анықталған деректер бойынша балалардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Мәселен, Екібастұзда сағат 23:20-да мекемелердің бірінде заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.

– Жол берілген құқықбұзушылық үшін жасөспірімнің заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар мекеме әкімшісіне қатысты да әкімшілік материал толтырылды, – деп хабарлады полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауға және олардың түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.