Павлодар облысында тағы бір жасөспірім суға кете жаздады
12 жасар бала Шондықсор көлінде шомылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 шілдеде Екібастұз маңындағы Солнечный кентінен қоңырау түскен. Суға батып кете жаздаған бала Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды.
– Өкінішке орай, көбі тыйым салынған жерлерде шомылады, су қоймасында демалу кезінде ішімдік ішеді және балаларын қарамайды. Өңір тұрғындарынан судың жанында болған кезде қарапайым ережелерді сақтауды сұрағым келеді, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко.
Еске сала кетейік, сол күні жедел жәрдемге сағат 12:48-де Баянауыл ауданынан шақырту түскен. Жасыбай көлінде құтқарушылар суға батып кете жаздаған 17 жасар жігітке алғашқы көмек көрсеткен соң орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.