Павлодар облысында терроризмге қарсы іс-қимыл жұмысы қарқынды жүргізілуде
Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында терроризмге қарсы сананы қалыптастыру шеңберінде Павлодар облысының ҰҚК Департаментінің терроризмге қарсы бөлімімен бірқатар мекемелерде түсіндіру шаралары өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы бойынша ҰҚК департаментінің мәлімдеуінше, кездесулер барысында «Террористік сипаттағы қауіп туындаған кезде алғашқы ден қою әрекеттері» және «Террористік тұрғыдан осал объектілерді заңнамалық талаптарға сай қорғауды ұйымдастыру» тақырыптары қарастырылды.
- Кешенді іс-шаралар облыстық полиция департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, Ұлттық банктің өкілдігі және «Павлодар» теміржол станциясының қызметкерлері үшін ұйымдастырылған.
Кездесу барысында ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауға қойылатын талаптар жеткізілді, - делінген хабарламада.
Кездесуде террористік актілердің жасалғаны немесе жасалу қаупі туралы хабарламалар түскен кезде алғашқы ден қою шараларының дұрыс орындалуын тілге тиек етті.
Дәріскерлер нақты мысалдармен объектілерде және олардың ортасында күдікті адамдар мен заттар табылған жағдайда қызметкерлердің іс-қимыл тәртібін атап өтті.
Бұл ретте өзіндік қауіпсіздік шаралары мен ұсынылатын эвакуация аймақтарының сақталуы туралы ақпараттандырылды.
Терроризмге қарсы бөлімімен террористік әрекетке қатысқаны үшін, сондай-ақ дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі туралы көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін ҚР заңнамасында көзделген жауапкершілікке баса назар аударылды. Нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілердің паспорттарын келтіру бойынша ұсыныстар берілді.
Қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында конструктивті қарым-қатынас құрылып, қызықтырған сұрақтарға жауап алынды.
Материал "ҚР Терроризмге қарсы орталығы" сайтынан алынды