Павлодар облысында тоғыз шетелдік елден шығарылды

Павлодар облысында тоғыз шетелдік елден шығарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көші-қон заңнамасын бұзған ондаған адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірде «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 133 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 87-сі – шетел азаматтары. Сот шешімімен тоғыз шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды.

Облыстық полиция департаментінде атап өткендей, Павлодар қаласында бұрын сот шешімімен елден шығарылғанына қарамастан қайта оралған Өзбекстан азаматы ұсталды. Сот қаулысын орындамағаны үшін ол мәжбүрлеп шығару мақсатында арнайы қабылдау орнына орналастырылды.

Сондай-ақ, өз елінде жасаған қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген шетелдік анықталып, тиісті органдарға хабар берілді.

Екібастұзда құжатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Қытай Халық Республикасының бес азаматы да жауапқа тартылды. Олар инженер ретінде заңсыз жұмыс істеген.

– Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жұмыс берушіге қатысты материалдар заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша Алматы қаласына жолданды, – деп атап өтті облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.

Полиция мәліметінше, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.