Павлодарлық кәсіпкерлерді ЭТД басшысымен кездесуге шақырады

Кездесуде бизнес өкілдері өздерінің проблемалық мәселелерін талқылай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
21 ақпан күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында экономикалық тергеу департаментінің басшысымен кәсіпкерлердің жеке қабылдауы өтеді.
Бұл шара Палатаның бизнесті қорғау жөніндегі тұрақты жұмысы аясында өткізіледі.
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу үшін +7(7182)66-03-11 (ішкі 5518) телефон нөміріне хабарласуға болады.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбеновтің айтуынша, мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесу құқық қолдану тәжірибесін зерделеу және түсіндіру мақсатында жоспарланған тұрақты семинарлар мен «дөңгелек үстел» отырыстары аясында өтеді.