Павлодар облысында трассалар жабылды
Көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдар жабылды.
Атап айтқанда, «Қалқаман–Баянауыл–Үміткер–Ботақара» автожолы, 0–231 шақ, а.Қалқаман – Қарағанды облысының шекарасы, «Астана–Шідерті–Павлодар–Успенка–РФ шекарасы» автожолы, 200–431 шақ, Ақмола облысының шекарасы – а.Атамекен, «Қызылорда–Жезқазған–Қарағанды–Шідерті» автожолы, 1135–1206 шақ, а.Шідерті – Қарағанды облысының шекарасы учаскелері шектелді.
Жолдарды сағат 15:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.