Павлодарда такси жүргізушісі жолаушысының сөмкесін алып, өзін ұмытып кетті
Таксисті полицейлер тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
POolisia.kz мәлімдеуінше, оқиға Павлодар қаласындағы Арғынбаев көшесі бойында болған. Қала тұрғыны такси шақырып, көліктің артқы жолаушылар есігін ашып, алдымен салонға азық-түлік, әмиян, телефон салынған сөмкесін салып, есікті жауып, екінші жағына отырғысы келген. Алайда, такси осы сәтте жолаушыны тастап, кетіп қалған.
- Қарт әйелдің туыстары дереу полицияға қоңырау шалып, бұл оқиға туралы хабарлады. Шақыруға келген учаскелік полиция инспекторы такси жүргізушісін анықтады, - делінген хабарламада.
Жүргізуші әйелдің көлікке отырмағанын байқамағанын айтып, болған оқиға үшін кешірім сұрады. Сөмке иесіне қайтарылды.