Павлодар облысында трассалық медициналық-құтқару пункттерінің қысқа дайындығы тексерілді
Бұл пункттер төтенше жағдайлар, оның ішінде жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл көмек көрсетуге арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, трассалық медициналық-құтқару пункттері «алтын сағат» қағидаты бойынша медициналық көмек, құтқару жұмыстарын уақтылы көрсету үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының неғұрлым авариялық-қауіпті учаскелерінде орналасқан.
Павлодар облысында осындай екі пункт жұмыс істейді. ТЖД қызметкерлері «Қалқаман» және «Шідерті» ҚР ТЖМ трассалық медициналық-құтқару пункттерін тексерді. Авариялық-құтқару құралдары, техника мен ғимараттың 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңге дайындығы қаралды.