Павлодар облысында волонтерлік бойынша бейнероликтер байқауы жарияланды

Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар, ал жеңімпаздарға сыйлықтар табысталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігі облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «ProДобро» атты жастарға арналған волонтерлікті насихаттау тақырыбындағы бейнероликтер байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты – жастар арасында волонтерлік қызметтің маңыздылығын көрсету, игі істерге шабыт беру және азаматтық белсенділікті арттыру.
Оған 14 пен 35 жас аралығындағы Павлодар облысының жастары қатыса алады.
– Бейнеролик волонтерлік қызмет тақырыбын көрсетуі тиіс. Қатысушылар волонтерліктегі жеке тәжірибесі және еріктілер адамдарға қалау көмектесетіні туралы баяндауы мүмкін, – дейді ұйымдастырушылар.
Байқауға қатысу үшін 1–3 минуттық қысқа бейнеролик түсіріп, Instagram желісіне жүктеу керек. Міндетті түрде @uior_pvl және @zoj_pvl парақшаларын белгілеу қажет.
Өтінім мен жеке куәлік көшірмесін zoj_pvl@mail.ru поштасына немесе 8 700 815 11 98 WhatsApp нөміріне жіберу қажет. Конкурсқа қатысу үшін материалдарды 9 маусымға дейін тапсыруға болады.
Жеңімпаздар үш жас санаты бойынша анықталады және бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталады.