Павлодарлық тұрғын колонияға құрма арасына телефон жасырып, кіргізбек болған

Павлодарлық тұрғын колонияға құрма арасына телефон жасырып, кіргізбек болған
Фото: облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №63 мекемесінде сотталғандарға сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу кезінде рентген аппаратының көмегімен пайдалануға тыйым салынған заттар анықталып, тәркіленеді. 

– Мысалы, 49 жастағы тұрғын азамат құрма салынған қораптың ішіне SIM картасы бар бір ұялы телефон ұқыптылықпен орап, жасырған. Сәлемдемені сотталушының танысы әкелген. Тексеру тобының қырағылығының арқасында тыйым салынған заттар анықталып, тәркіленді, – дейді №63 мекеме басшысы Берік Рахимов. 

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жіберілді. Тұрақты негізде сотталғандармен және олардың туыстарымен мекемеге барған кезде тыйым салынған заттарды беруге жол бермеу жөнінде әңгімелесу жүргізілуде. Алайда, келушілер заң алдындағы жауапкершіліктеріне қарамастан, мұндай құқық бұзушылықтарды жасап тұрады.