Павлодарлықтарды эстафеталық жүгіріске қатысуға шақырады

Павлодарлықтарды эстафеталық жүгіріске қатысуға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық қатысушылар «Жеңіс лентасы» атты патриоттық лентамен жүгіріп өтеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

27 сәуір күні сағат 07:00-де «Батырларға тағзым. Ескерткіштен ескерткішке» эстафеталық жүгіріс өтеді. Ел қорғаған ерлерге тағзым ету, ұрпақтар сабақтастығы мен қазақстандық патриотизмді нығайту мақсатында өтетін шара екі бағыт  бойынша ұйымдастырылады:

«Оңтүстік» бағыты (7,2 км). Қанаш Қамзиннің бюсті - Малайсары батыр ескерткіші  - Даңқ ескерткіші. 

«Солтүстік » бағыты (4,1 км). Белгісіз сарбаз ескерткіші  - Баян батыр ескерткіші  - Даңқ ескерткіші. 

Жүгіру эстафета түрінде өтеді. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Жеңістің 80 жылдығының ресми логотипі бар туды кезекпен тапсырып отырады — бұл тарихи жады мен сабақтастықтың белгісі. 

Қос бағыттағы қатысушылар Даңқ ескерткішінде кездесіп, оркестр қарсы алады. Мемлекеттік Әнұран орындалады және бір минут үнсіздік жарияланады.