Павлодар облысында жер сілкінді
Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Министрліктің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 26 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 11:28-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 км қашықтықта, Павлодар облысының аумағында орналасқан.
Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінің ошағы 50.47° солтүстік ендік пен 76.47° шығыс бойлықта орналасқан. Жерасты дүмпуінің тереңдігі 30 шақырым болған.
Есептік қарқындылығы (баллмен): Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы – 2 балл.
Ал екібастұздықтарға жер сілкінісінің дүмпуі ғана сезілді.
Осыған байланысты, іс-қимылдарды үйлестіру және жағдайды бақылау мақсатында Павлодар облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде. Тұрғындардан өтініштер түскен жоқ.
Өңірде жедел желі телефоны іске қосылды. 8 (7182) 20-11-12.