Павлодар облысында жылдамдықты асырған жүргізушілер жаңа әдіспен ұсталады

«Ekin Patrol G2» мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталған 10 экипаж патрульдейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында облыста сынақ режимінде «Ekin Patrol G2» жүйесі іске қосылды.
– Қазіргі уақытта бұзушылықтарды тіркеудің мобильді жүйесі Павлодарда, Баянауыл ауданында және республикалық маңызы бар жолдарда сынақ режимде жұмыс істейді.
Аталмыш аймақтарда 10 мобильді бағдарламалық-аппараттық кешені патрульдейді.
«Ekin Patrol G2» калибрлеуі толық көлемде жасалған. Жылдамдық режимінің бұзылуының жолын кесу автоматты режимде жүреді, қалған бұзушылықтар тіркеліп, хабарланады.