Павлодар облысында жылумен қамту бойынша төрт ірі жоба жүзеге асырылмақ

Павлодар облысында жылумен қамту бойынша төрт ірі жоба жүзеге асырылмақ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үкімет отырысында аймақ басшысы Асайын Байханов жоспарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Павлодар облысында электрмен және жылумен қамту желілеріне жөндеу жүргізу жоспарлануда. 

Ол былтырғы жылыту маусымы тұрақты әрі апатсыз өткенін атап өтті. Жаңа маусымға дайындық аясында облыстың энергия көздерінде 46 негізгі жабдықты, 2.115 шақырым электр және 32 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарланған.

– Атап айтқанда, биыл жылумен қамту бойынша төрт ірі жоба іске асырылатын болады. Олар – Павлодар қаласында №5 сорғы стансасын және ТМ-20А жылу магистралін салу, Екібастұз қаласында ТМ2 және ТМ7 жылу магистральдарын қайта жаңарту, – деді Асайын  Байханов.

Жобалардың жалпы құны 22,2 миллиард теңгені құрайды.