Павлодар облысында жол қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін

Павлодар облысында жол қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қолайсыз ауа райы бақылануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалы мен «ҚАЖсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметінше, 19–20 желтоқсан аралығында өңірде қар жауып, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жылдамдықты асырмау және жолда барынша сақ болу қажет.

Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдегі автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.