Павлодар облысында жол апатына ұшыраған бес адамның жағдайы анықталды
Жол-көлік оқиғасынан балалар зардап шеккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық балалар үйге жіберілген болатын.
– 2019 жылы туған қыз баланың маңдайы жарақаттанған еді. Ал 2016,2019 жылы туылған екі ер баланың бас терісі жарақаттанған. Ал 2017 жылы туған қыз жабық ми жарақын алған. Алайда ауруханаға жатудан бас тартты, – дейді басқармада.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 шілде сағат 17:00 шамасында Заря ауылының жанында «Daewoo Matiz» автокөлігін тізгіндеген 45 жастағы ер адам көлікті басқара алмай, жол апатына ұшыраған. Көлікте ер азаматпен қоса екі 4 жастағы бала және 7,6 жастағы бала болған.
– Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде, – дейді департаментте.
Айта кету керек, ер адам медициналық көмектен бас тартқан. Сондай-ақ, апат орын алған жерде үш жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасаған.