Ертең Ақсуда жиырмаға жуық үй уақытша электр қуатынан ажыратылады
Жөндеу жұмыстары түстен кейін аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, 23 мамырда Ақсу электр желілерінің мамандары әуеден жагық беру желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
- Осыған байланысты сағат 9:00 – ден 17:00-ге дейін Жамбыл көшесі, 1-12 үй, Чкалов көшесіндегі, 44-50 үйлерде электр жарығы өшіріледі, - делінген хабарламада.
Толығырақ ақпаратты 8(71837)6-05-01 телефоны арқылы алуға болады.