Павлодар облысында жіті вирусты гепатит жұқтыру деректері анықталды
Оқу жылының басынан ағымдағы жылдың 8 наурызына дейін өңірде жіті вирусты гепатитке (А) күдік бар алты жағдай тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, оның ішінде үшеуі расталды: екеуі – Павлодар қаласында, біреуі – Екібастұз қаласында.
– Бүгінгі таңда Павлодар облысы халықтың тұрақты көші-қоны кезінде вирустық гепатиттердің енуі және таралуы мүмкін өңірлердің бірі болып табылады. 2022 жылдың ішінде облыстың 12 тұрғынында жіті вирустық гепатит анықталды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бір бала ауырып қалды, – дейді департаментте.
Отбасы мен ұжымда А гепатитімен ауыратын адам С гепатитінің парентеральді (инъекция, терінің зақымдануы арқылы) және энтеральді (ластанған су мен тамақ өнімдері арқылы) таралуының алдын алу үшін аурудың бірінші күнінен бастап ертерек оқшауланады.
Сарапшылар қайнатылмаған суды ішу, жуылмаған жемістер мен көкөністерді жеу, өнімдерді термиялық өңдемеудің қауіпті екенін еске салады. Есірткіні көктамыр ішіне енгізу туралы айтпағанда, В және С вирустық гепатиттері тек медициналық құралдар арқылы ғана емес, сонымен қатар маникюр, татуировка, пирсинг, қырыну кезінде де жұғуы мүмкін.
Күнделікті өмірде маникюрге, қырынуға, жууға, тіс щеткаларына және қатты сүлгілерге арналған жалпы құралдарды қолдану парентеральды вирустық В және С гепатиттерімен инфекцияға әкелуі мүмкін.
Барлық жеке гигиена заттары қатаң жеке болуы керек. Салондарға барған кезде өңделген құралдарды немесе бір реттік өнімді пайдалануға ерекше назар аударған дұрыс.