Павлодар облысының қырық ауылы жарықсыз отыр
Ауа райының қолайсыздығынан үйлердің шатырын ұшырып әкетіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 және 19 қарашада дауылдың салдарынан болған оқиғалар тіркелді.
– Қазіргі кезде желден 42 ғимараттың шатыры құлады. Жүз елді мекенде электр қуаты өшіп қалды. Жарықты әзірге алпыс ауылда ғана қосты, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінде.

Ал Павлодарда, куәгерлердің айтуынша, Мәшһүр Жүсіп пен Кривенко, Торайғыров көшелерінің қиылысында бағдаршам желмен құлап түсті. Дауылдың салдарынан көліктер де зардап шекті – оларға ағаштар, шатырлар құлаған.

Азаматтық қорғау қызметінің күштері жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.

ТЖД ауа-райы жақсарғанға дейін павлодарлықтардан мүмкіндігінше көшеге шығудан бас тартуды сұрайды. Бұған дейін облыс әкімі осындай үндеуді жариялаған болатын.
Фото: Роза Мұстафина мен Константин Шелков ұсынды