Ертең Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланады

Ертең Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланады
Фото: Константин Шелков

Облыстың көп бөлігінде қатты жел соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидромет филиалының ақпараты бойынша, 19 қарашада Павлодар облысында түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыста секундына 15-20, ал кей жерде желдің екпіні 23-28 метрге дейін жетеді. 

Ауа температурасы түнде және күндіз 0…-5, облыстың батысында -8 градус аязға дейін, ал 20 қарашада түнде 5…-10 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Көктайғақ кезінде жол-көлік оқиғаларының туындау, сондай-ақ құлау кезінде түрлі жарақаттар алу ықтималдығы артады.

Облыстық ТЖД-і тұман жағдайында автокөлік жүргізушілеріне өте сақ болуды сұрайды. Мүмкін болса, сапарды кейінге қалдырып, ауа-райының жақсаруын күткен дұрыс.

Жолдарда авариялық жағдайларды болдырмау үшін жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтау қажет. Мұзда педальдармен немесе рульмен кенеттен қозғалыс, кенеттен тежеу және үдеу жасамауға кеңес беріледі.

Тұман кезінде автомобильдің әйнектерін біраз түсірген дұрыс. Бұл жағдайда жолда қажетті дыбыстарды есту мүмкіндігі көбірек болады.

Сонымен қатар, қатты тұман немесе дауылды ескерту туралы ақпаратты алсаңыз, орманға және балық аулауға барудан бас тартуға кеңес беріледі.