Павлодар облысының үздік жекеменшік футбол мектебі анықталды

Павлодар облысының үздік жекеменшік футбол мектебі анықталды
Фото: @footballschool_saryarqa

2012-2013 жылдары туған ұлдар республикалық турнирге іріктелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

JKFL жекеменшік мектептері мен академияларының республикалық футбол лигасының аймақтық іріктеу кезеңінің жеңімпазы «SaryArqa» футбол мектебі болды. Топтық кезеңде жас футболшылар «Аққулы» командасын 7:0 есебімен жеңді, одан әрі олар «Сантосты» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Финалда «SaryArqa» Екібастұздың «Батырын» 2:0 есебімен жеңді. Өз қақпасына бірде-бір гол жібермей, жас футболшылар бірінші орынды иеленді.

- Біз бұл турнирді асыға күттік, өйткені JKFL лигасы республикалық деңгейде ойнауға мүмкіндік береді. Барлық командалар жақсы, бұрын да олармен кездестік, балалар жақсы өнер көрсетті. Балалар барлық тапсырманы орындады, бірінші нөмірмен ойнады, жеңіс – солардың олардың еңбегі. Енді республикалық турнирге дайындаламыз, - дейді клуб жаттықтырушысы Нұрлан Байжұманов.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 240-қа жуық жекеменшік футбол мектептері мен академиялары бар, онда төрт жастан 16 жасқа дейінгі 12 000-ға жуық бала айналысады.