Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов тікелей эфирде сұхбат береді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов тікелей эфирде сұхбат береді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар толғандыратын сұрақтарын онлайн жолдай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 қаңтар күні сағат 11:00-де Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың тікелей эфирде сұхбаты өтеді.

Сұхбат облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында, сондай-ақ Halyq Radiosy (100,5 FM) радиосында тікелей эфирде жүргізіледі.

Өздеріңізді толғандырған сұрақтар мен ұсыныстарыңызды 109 нөмірі арқылы, сондай-ақ 8 702 166 16 61 WhatsApp желісі бойынша жолдай аласыздар.